"Менің шығармашылық отбасым"
Отбасы күнін мерекелеу аясында "Булаев мектеп-бөбекжай-бақша кешені" КММ "Менің шығармашылық отбасым" атты шығармашылық іс-шара өтті.
Оқушылар мен олардың ата-аналары бірлескен жұмыстар жасау арқылы өздерінің қиялдарын, шығармашылығын және командалық жұмысын көрсетті. 

Бұл іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өзара түсіністікті дамытуға және балалар мен ата-аналарға бірге сапалы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.