Сабақтың мақсаты:

Балаларды төтенше жағдайларда көрсетілетін көмек түрлерімен таныстыру;

Өрт сөндіру қызметі (101), полиция қызметі (102), жедел жәрдем қызметі (103) және бірыңғай құтқару қызметінің (112) телефон нөмірлерін үйрету;

Қауіпті жағдайларды ажырата білуге баулу;

Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

Қажет жағдайда ересектерден көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіру.
Сабақ барысында тәрбиеленушілер жедел қызметтердің атқаратын жұмыстарымен танысып, ойындар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы қай жағдайда қай қызметке хабарласу керектігін үйренді. Балалар ойыншық телефон арқылы көмек шақыру әрекеттерін орындап, қауіпсіздік ережелерін қызығушылықпен меңгерді.